13.10.2017, 14:22
Оқылды: 10

Зеленовтық Бекзат ел біріншілігіне жолдама алды

 

Орал қаласында өткен қазақ күресінен дәстүрлі «Жас барыс» турнирде бақ сынаған аудан спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.

-1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы турнирде өз салмақтарында Расул Жолдасов, Орынтай Жангерей, Нұрхат Ғали сияқты спортшылар үшінші нәтиже көрсетсе, 55 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан Бекзат Қайырғалиев І орын иеленді. Енді Бекзат палуан Шымкент қаласында өтетін турнирдің республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады, - дейді балалардың бапкері Манарбек Кенжеғалиев.

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале