18.10.2017, 11:28
Оқылды: 21

Зеленовтық оқушылар «Жұбанов кездесулері» жобасына қатысты

Ақтөбе қаласы А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің қолдауымен «Жұбанов кездесулері» атты бірінші ашық аймақтық мәдени-білім беру жобасы мәреге жетті.

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің директоры Аманжол Исмағұлов жетекшілік еткен жобаға Переметный ауылындағы балалар саз мектебінде пәнінен білім алып жүрген оқушылар қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы және «Туған жер» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының музыкалық колледжі студенттері мен балалар саз мектебінің оқушылары бақ сынады. Сондай-ақ жоба аясында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Марат Айтимов мұғалімдер мен оқушыларға шеберлік сағатын жүргізіп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етті.

Өнер сайысының қорытындысында эстрадалық вокал номинациясы бойынша «Елмұрат» вокалдық тобы (9 оқушы) 2-орын иеленіп, Анара Таңатарова дипломант (жетекшісі Л.Қажығалиева) атанды. Академиялық вокал номинациясы бойынша Елдар Тасболат 2-орыннан (жетекшісі М.Ибрашева), дәстүрлі ән-вокал номинациясы бойынша Гаухар Галиева 1-орыннан, Әсем Жеңісова 2-орыннан, (жетекшісі А.Сисенов) көрінді.

 Л. Қажығалиева 

Зеленов аудандық балалар саз мектебінің директоры,

 Переметный ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале