27.08.2018, 12:12
Оқылды: 24

Зеленовтық өрендер атақты шаңғышының бапкерінен тәлім алады

Аудан спортшыларын шаңғы туризмі мен жарысына баулып жүрген бапкер Серік Хайрулиннің қол астында жаттыққан Ақжайық Елубаева, Карина Малаева және Еділбек Елубаев еліміздегі үздік спорт мектептерінің бірі ШҚО Риддер қаласындағы республикалық олимпиадалық резерв мектеп интернатына оқуға түсті.

Риддер (3)

Еліміздің әр өңірінен келген 120-дан астам жас спортшылар арасынан іріктеліп, үздік 45 оқушының қатарына іліккен жерлестеріміз алдымен емтихандарын ойдағыдай тапсырып, спорттық сынақтан да сүрінбей өтті. Енді олар шаңғы жарысы сыныбында білім алатын болады.

 Анастасия Слонова, Галина Вишневская және Алексей Полторанин сияқты Қазақ елінің намысын әлемге әйгілі еткен спортшылар оқыған мектепте тәлім алатын жерлетеріміз ел үмітін ақтап, биік белестерді бағындырады деген сенім бар.

- Оқушыларым емтихандарын ойдағыдай тапсырды. Ендігі уақытта олар бәсі жоғары мектепте спорттық білімдерін одан әрі жетілдіре түсетін болады.

Шаңғы сыныбына түскен оқушыларым әлем кубогінің иегері, ел мақтанышы Алексей Полторанинді баптаған Алексей Наконечный сынды білікті бапкерден тәлім алатынына қуаныштымын. Оқушыларыммен бірге соңғы жаттығуымды өткізіп жатырмын. Шәкірттерім шығыста тәлім алғанымен елішілік ірі жарыстарда Батыс Қазақстан атынан сынға түсетін болады, - дейді Зеленов аудандық жас туристер стансасаның қосымша білім беру педагогы Серік Құрманғазыұлы.

 

Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале