3.10.2018, 18:17
Оқылды: 69

Зеленовтықтар қарияларды құттықтады

Халықаралық қариялар күніне орай Зеленов ауданы әкімі Асхат Шахаров Ұлы Отан соғысының ардагері Кабдисат Избасовтың шаңырағында болып, қарияны мерекемен құттықтады. 

 кария1Кездесу барысында аудан әкімі қазіргі бейбіт күн сонау қиын-қыстау кезеңде Отан үшін кеудесін оққа тосқан азаматтардың еңбектері мен пайымды парасаттары арқасы екендігін айтып, тыныш өмір сыйлаған қарияға алғысын білдірді.

Елге сыйлы ақсақал Избасов Хұсайынұлы 1926 жылы БҚО-да дүниеге келген. Ол екінші Украина майданында әуе артиллериясының полкінде шайқасты. Аудандық атқару комитетінің техникалық нұсқаушысы, ұзақ жыл қаржы саласында абыройлы қызмет атқарды. Отан соғысы орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы медалімен марапатталған.

Айта кету керек, ауданда 8 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың 11-і Ұлы Отан соғысының куәгері болса, 646-сы тыл ардагерлері.

Мұнымен қоса, аудан әкімінің орынбасары К.Тұрлыбеков, аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Ахметжанов және Переметный ауылдық округінің әкімі Б.Бадақов аудан орталығында тұратын еңбек және соғыс ардагерлерін құттықтап, аға ұрпақтың хал-жағдайымен танысты.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Макар Дарошенко мен соғыс ардагерінің жесірі Мәдина Жукиналардың үйлеріне барып ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын ұсынды.

Күтпеген қонақтарға ризашылықтарын білдірген қариялар баталарын берді.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

jasotan (4)

jasotan (3)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале