13.08.2019, 18:13
Оқылды: 480

Жайын ұстаудан «рекордшы» Жайынов

Қазталов ауданындағы Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайынов қайта-қайта өте үлкен жайын ұстап, сол арқылы республикалық, облыстық БАҚ-қа жарияланып жүр. Оның судан тапқан олжасының көпшілік назарын аударуының бір сыры тегінің Жайынов болуында шығар, бәлкім...

жайын

Осыдан бірер жыл бұрын 45 келі, кейін 70 келі жайын ұстаған ол Қараөзеннен ауланған жайындар арасында рекорд жаңартып отырады. Бұл жолы Аслан Жайынов рекордын жаңартпаса да тағы үлкен жайын ұстап, әлеуметтік желілерде суреттері тарай бастады. Суреттегі жайындардың үлкені - 65 келі тартқан.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

жайын2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале