18.04.2017, 12:57
Оқылды: 23

Жалғызбасты анаға қызының ұзатылу тойын өткізуге көмектесті

Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаты Серік Садықов пен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Ұялы ауылдық округі бойынша маманы Жансая Аманжолованың бастамасымен жалғызбасты ана Толқын Каженоваға қызының ұзатылу тойын өткізуге жәрдемдесті.

Қайырымдылық шарасы «100 нақты көмек» акциясы аясында  ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, шара аясында асаба, әнші, бейнекамераға түсіру сияқты қызметтер тегін көрсетілді. Сонымен қатар ауылдық тойхананың иесі, жеке кәсіпкер Темірғали  Бақтығалиев той өткізу орнын жалдау ақысын 20 пайыз жеңілдікпен берді.

Қайырымдылық шаралары жалғаспақ.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале