28.03.2017, 12:31
Оқылды: 47

Жалпақтал театрының ардагерлерін қабылдады

27 наурыз – Халықаралық театрлар күніне орай Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театрының ардагерлерін қабылдады.

Айта кетейік, аудандық халық театрының іргесін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мұхамбетжан Ғұмаров болатын. 1959 жылы «Халықтық театр» атағыналған театр ұжымы 100-ден астам пьесаны сахнаға шығарып, осы қойылымдарда ойнаған 300-ден астам ауыл жастарының таланты елге танылды. 1996 жылы Жалпақтал халық театрына оның негізін қалаған М.Ғұмаровтың есімі берілді. Сахнасында 1962 жылы бір ай бойы атақты актер Серке Қожамқұлов ойнаған Жалпақтал театры әлі күнге елге қызмет етіп келеді.

Төл мереке иелерін құттықтаған округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы М.Ғұмаровтың тәлім-тәрбиесін көрген, халық театры алғаш құрылғаннан бастап адал қызмет еткен Зәуреш Ақмурзинаға, Қайрат Туляшевке, Нұрлан Шаканаевқа, Самат Ерғалиевке алғыс хат табыс етті.

Театрдың ардагерлері кездесу барысында естеліктермен бөлісіп, аудан басшыларына алғысын білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале