15.01.2018, 12:17
Оқылды: 37

Жалпақталда көне өнерді жалғастырушылар бар

Жалпақтал өнер мектебін өңірімізге ғана емес, елімізге де үлгі етуге болады. Өнер мектебіндегі түрлі үйірмелерге емес, сирек кездесетін сүйек ою өнеріне тоқталмақпыз.

-Бұл өнерді оқушыларға үйрететін үйірменің ашылғанына 3 жыл болды. 16 шәкіртім бар. Малдың тұяғынан және сүйектерінен музыкалық аспаптар жасаймыз. Сонымен қатар түрлі сувенир де (шағын сыйлықтар) жасаудамыз. Ал бұны қалай дайындаймыз? Мәселен тұяқ өңдеу үшін бір жетідей уақыт суға салып, жібітіп алып, сонан соң ыстық суға қайнатып немесе ыстық қоламтаға салып балқытып алса, кесіп, жонуға жеңіл болады. Мұндай жұмсап, балбыраған тұяқты июге, қалыпқа қысып кез келген пішінге келтіру оңай. Тұяқты ыстық қоламтаға саларда суға малынған киізбен орап қойса, тұяқ күймей жақсы балқиды. Осындай бабына келіп тұрған тұяқ, сүйектерді пышақпен еркін жонып, түрлі бұйымдар жасауға болады, -дейді өнер мектебінің мұғалімі Еламан Мусин.

Ағаштан түйін түйетін шебер Сайран Мадияровтың үйірмесінде 8 шәкірті бар.

-Осы кәсіппен айналысқаныма 10 жылдай болды. Енді осы білгенімді шәкірттерге үйретіп жатырмын. Қайың, емен, үйеңкі ағаштарын пайдаланамыз. Домбыраның 5 түрін, қобыз және садақ қаруын жасасақ, алдағы уақытта топтамалы қару-жарақ түрлерін де жасау жоспарда тұр,-деді. Қызық көріп мал тұяғын қолыма алдым. Жылтырап, әзір тұрған материалдан күні ертең мына шәкірттердің алтын қолынан  түрлі бұйымдар шығатынын көз алдыма елестеттім. Көз алдыма елестете отырып, санамызда рухани  сілкіністер жасалып жатқанда, туған жердің киелі топырағының үстінде өзіміздің ұлттық  қасиетімізді танытатын  небір асылдардың жатқанын сезіндім. Шетелден әкелінген ескерткіштер, кәдесыйларлардан жалпақталдық жас шеберлер жасап жатқан өнер туындылары әлдеқайда әдемі, -дейді шебер.

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале