2.06.2017, 18:07
Оқылды: 21

Жалпақталда рәміздер күні аталып өтті 

4 маусым Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 25 жыл толады. Осыған орай бүгін Жалпақтал мәдениет үйінде рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Мерекеге мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ұлықталып, Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды. Жалпақтал ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Рахметуллин жалпақталдықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ Мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін арттыруға, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған жұмыстардың ешқашан құны төмендемеуі қажеттігін баса айтты.

Шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің АХАТ қызметінің статист маманы Мейрамгүл Махамбетқызы Арман, Гүлмира Балмашевтардың дүние есігін ашқан сәбиі Айлина Арманқызына туу туралы куәлігін табыс етті.

Мерекелік шара соңы өнерпаздардың патриоттық концертіне ұласты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале