24.10.2018, 17:21
Оқылды: 51

Жалпақталда тротуар салынды, бірақ...

Аудан орталығы мен Жалпақтал ауылының көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналып тротуар салынды. Бірақ сол салынған тротуарларды өзіміз бүлдірудеміз.

 

Stamped concrete pavement outdoor, cobblestones pattern, flooring exterior, decorative appearance colors and textures of paving cobble stone

Соңғы 5-6 жылдың ішінде Жалпақтал ауылының бір қатар көшелеріне жаяу жүргіншілерге арналып, тротуар салынды. Ауыл халқы балшықты күндері сол тротурадың рахатын көріп отырғандығын жасырып қайтеміз. Сол салынған тротуарларды өзіміз бүлдіріп жатырмыз. Жаяу жүргіншілер үшін асфальт төселген жолды армандап, қолдары жеткенде, оны арнайы техника мен көліктерімен үстінен өтіп, қиратқан күндері де болғаны жасырын емес.

Армандаған жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды сырттан немесе басқа ауылда келіп ешкім бүлдірмейтіні анық. Жақында Жалпақтал ауылының бас көшесі саналатын С.Датұлымен жұмысқа қарай келе жатырсам, малдардың жапасынан аяғыңды алып жүре алмайсың. Тек қана бұл көшеде емес басқа көшелерде де кездесіп отыр. Жаяу жүргіншілер жолымен жүрудің өзі ұят. Мұны кім тазалайды? Жауын-шашын кезінде рахатын көреміз деген жаяу жүргіншілер жолы осылай бүлініп отыр.

Тіпті ауылдастар жаяу жүргіншілер жолын көктемгі қар суы еріген кезде де жыра жасап алатынына не дерсің? Әр тұрғын сол жаяу жүргіншілер жолын өзінің дүниесіндей қарамайтыны қынжылтады. Айта қалсаң «Маған қажеті қанша?» деген жауапты естейсің. С.Датұлы көшесінің тұрғындары Балхаш Ескалиева мен Патиха Баймұханбетова жаяу жүргіншілер жолын өздерінің құдды бір дүниесіндей қарап, күнбе-күн тазалап отырады. Ауылдастар сол кісілерден үлгі алса екен деген ой келеді. Жаяу жүргіншілер жолын бүлдірмей таза ұстау өз қолымызда, ауылдың тазалығына өзіміз ғана жауаптымыз.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале