13.02.2020, 11:50
Оқылды: 14

Жалпақталда хоккейден жеңімпаздар анықталды

Казталов аудандық "Айбын" спорт клубының Жалпақталдағы бөлімі мен Жалпақтал спорт мектебі шайбалы хоккейден жарыс ұйымдастырып, оған ауылдағы мекеме-ұйымдар арасынан арнайы командалар жасақтады.

qaztalov sport (10)

Онда К.Меңдәлиев пен Ғ.Молдашев атындағы мектеп, Жалпақтал спорт мектептері мен аурухана, "ҚазТрансГазАймақ", өрт және су мекемелері мен арнайы бейімдеу орталығы (қарттар үйі) және ауыл жастары болып тоғыз команда өзара бақ сынасты.

Тартысты өткен жарыс қорытындысында екі топтан суырылып алға шыққан "ҚазТрансГазАймақ" мекемесі мен Ғ.Молдашев атындағы мектеп пен Жалпақтал спорт мектебі мен аурухана ұжымы финалдық ойынға жолдама алған еді.

qaztalov sport (8)

Нәтижесінде жүлделі бірінші орынды Жалпақтал балалар жасөспірімдер спорт мектебі, екінші орынды Ғ.Молдашев атындағы мектеп, үшінші орынды "ҚазТрансГазАймақ" Жалпақтал филиалы иемденді. Ал жарыстың үздік қақпашысы болып Жасталап Мақсотов, Үздік ойыншысы болып Табиғат Құрманғазиев, ардагер спортшы болып Талғат Төлегенов, жеңіске деген жігерлігі үшін Виталий Миронков танылса, Каримов Амангелді осы жарыстың бас демеушісі болып көптің көңілінен шықты.

qaztalov sport (9)

Жарысқа қатысқан ауыл спортшылары Амангелді Серікұлына алғыстарын білдіреді.

qaztalov sport (5)

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале