16.08.2018, 18:06
Оқылды: 76

Жаңа спорт алаңы ашылды  

 

Akzhaik AlgabasАқжайық ауданының Алғабас ауылындағы шағын футбол, волейбол және баскетболға арналған заманауи жаңа спорт алаңының құрылысы атырапқа белгілі Ерболат Құрманғалиев жетекшілік жасайтын «Сәбит» шаруа қожалығының бастамасымен жүзеге асты.


 

Яғни, ауылдың 1972, 1973, 1975-1990 жылы туған түлектері қаржы жинап, Ерболаттың ұмтылысын ұйи қостаған. Сөйтіп, олар небары екі айдың ішінде аумағы 32х16 метр болатын жаңа алаң пайдалануға беріліп отыр. Әркім қолынан келген көмегін аянып қалмаған, біраз тұрғын ешбір ақысыз атсалысты.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы еліміздің тынысына соны серпін алып келді. Міне, жер-жердегідей Алғабастағы жобалар да баршамызды қуантып отыр. Ауыл азаматтарының ауызбіршілігі жарасса, алынбайтын қамал жоқ. Осы үлкен істі тындырған елім деген ерлеріміз аман болсын, - деді салтанатта аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев.

- Ақжайық ауданы спорттың көптеген түрінен облысымыз бойынша алдыңғы орында келе жатыр. Алғабастықтардың осындай жетістіктерге негіз қалаушылардың қалың қатарында деп есептеймін. Барлық тұрғынға мың да бір алғыс,- деді шараға қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева. Ол ауылға спорттық жабдықтарды сыйға тартты. Ауылдастары атынан Наурызғали Хаймулдин сөз сөйлеп, бірліктің арқасында біткен іске атсалысқан баршаға игі тілегін арнап, Ерболат Құрманғалиевке шапан жапты. Алғабас орта мектебінің директоры Гүлмирам Кенжеғарина, ауыл әкімі Темірболат Есенғалиев алаң құрылысына араласқан ауылдастарын қошеметтеді. Осы күн құрметіне орай шағын футболдан 7 команда қатысуымен аудандық турнир өтті.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Фото Нұрхат МАҒЗОМ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале