13.06.2018, 9:48
Оқылды: 31

Жаңақала ауданында бос орындар жәрмеңкесі өтті

«Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалының қолдауымен аудандық Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

Рухани орталықтың мәжіліс залында өткен шарада жұмыс іздеушілерге 11 жұмыс беруші 24 бос орын ұсынды.

Шараның мақсаты - мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал жәрмеңкеге келушілер үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге мүмкіндік жасау. Сонымен қатар бұл шара мемлекеттік қызметке орналасу мәселесінің ашықтығын және қолжетімдігін көрсетеді.

Жәрмеңке нәтижесінде 11 адамға тұрақты, 2 адамға қоғамдық жұмысқа жолдама берілді.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале