11.01.2019, 20:01
Оқылды: 25

Жаңақалада аудандық кітапханасында коворкинг ашылды

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин және бірқатар облыстық басқарма басшылары қатысты.

IMG-20190111-WA0048

Осындай коворкинг-орталықтар жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік екенін айтқан Ғабидолла Оспанқұлов оны аудан тұрғындары тиімді пайдалануы керектігін тілге тиек етті. -Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - халықтың білімге деген құштарлығын арттыру. Кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толтыруымыз керек,-деді Ғабидолла Оспанқұлов. Коворкинг орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, асық, дойбы, тоғызқұмалақ ойнауға, гүл өсіруге, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік береді. Орталыққа келушілердің жайлы жағдайда тегін интернет желісіне шығу, кино әуесқойларға кино, мультфильм қарау мүмкінідігі бар. Басты мақсат - кітапханаға оқырманды, жастарды көптеп тарту. Айта кетейік, Ғабидолла Абдоллаұлы аудан орталығындағы рухани орталық ғимаратында болып, аудандық орталық кітапхана және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Одан әрі Д.Нұрпейісов атындағы өнер музейінде болып, аудан тарихынан сыр шертетін тарихи жәдігерлерді тамашалады. Мұнан кейін Жаңақала мектеп-гимназиясының жай-күйіне қанығып, ІТ сыныбын көрді.

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале