4.04.2018, 15:50
Оқылды: 26

Жаңақалада дерматит ауруына қарсы республикалық оқу-жаттығу өтті  

IMG_8029Жаңақала ауданында нодулярлы дерматит ауруына қарсы республикалық оқу-жаттығу тренингі өтті.

Аталған тренингтің  практикалық бөлімі Жаңақала ауданына қарасты «Хафиз» шаруа қожалығы базасында ұйымдастырылды.

Одан әрі ауданымыздың ветеринар мамандары нодулярлы дерматит ауруына шалдыққан малды анықтау, оны емдеу алгоритмін практикалық тұрғыдан көрсетіп, ауруға қарсы іс-шараларға сақадай сай екендіктерін танытты.   Ауру шыққан малды дер кезінде ветеринар дәрігерге хабарлаудан бастап, ауруы анықталған малдың өліксесін отқа өртеуге дейінгі шаралар іс жүзінде көрсетілген соң қонақтар аудан орталығындағы төтенше жағдайлар қызметінің ауру ошақтарын жоюға дайындықтарын тексерді. Одан әрі қонақтар  аудандық ветеринариялық зертхана мен  ет комбинатына экскурсия жасап, олардың  жұмысымен танысты.

Келесі күні мамандар нодурялды дерматит ауруынан сақтану және оның алдын алу турасында семинар кеңес өткізді. Сондай-ақ «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС маманы Л.Құтұмбетов ауруды емдеу жолдары жөнінде әңгіме өрбітсе, ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК басқармасының басшысы Тасқын Серікұлы нодулярлы дерматиттен қорғану аймақтары мен вакцинация туралы,  «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» РММ-нің маманы Сенбай Абдухалықов эпизоотияға қарсы отрядтың жұмысы туралы баяндады.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

IMG_8047IMG_8098

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале