25.12.2017, 16:50
Оқылды: 49

Жаңақалада «Нұрбибі» би ансамблінің шығармашылық кеші өтті

«Нұрбибі» би ансамблінің жетекшісі Лунара Қанатова 2009 жылы Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің хореография факультетін аяқтаған. Ол 2009 жылы аудандық мәдени демалыс орталығына хореограф қызметі бойынша жұмысқа орналасып, «Нұрбибі» би ансамблін құрады.

Би ансамблі құрамында қазіргі таңда  60 биші қыз бар. Солардың ішінде 40 өнерпаз сахнаға шығып, би билеп жүрсе, 20 биші қыз дайындық үстінде. Айта кетсек, олар жас айырмашылығына байланысты 3 топқа бөлініп, өнер көрсетіп келеді.

Шығармашылық кеш қазақ биі «Әсемқоңырмен» бастау алды. Мұнан кейін кеш қонағы, белгілі сазгер Ербол Ақбасов «Ғашығым» әнін тарту етсе, Жанар Шуйкина «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін, Мерей Жұмашев «Вальс» әнін, Миргүл Асанова «Жасасын өмір» әнін шырқады.

Кеште «Нұрбибі» би ансамблі көрермендердің үлкен қошеметіне, ыстық ықыласына бөленді.

Өнер кешінің соңында аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин сахнаға көтеріліп, талантты бишілерге шығармашылық шабыт тілеп, жүрекжарды игі тілегін арнап, сый-сияпат табыстады.

 Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале