12.12.2017, 12:05
Оқылды: 35

Жаңақалада шағын футболдан жарыс өтті

IMG_4152Жаңақаладағы №3 қазақ орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шағын футболдан ерлер командалары арасында аудандық жарыс өтті.

Жарысты аудандық мәдениет, тілдерді  дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Жалпы, жарысқа қатысқан команда саны – 12. Жарыс қорытындысы бойынша I орынға Жаңақала желілік өндірістік басқармасының командасы ие болды. Ал II орынды №3 қазақ орта мектебінің командасы олжаласа, III орынды аудандық  туризм орталығының командасы еншіледі. Жарыс соңында үздік ойыншылар да марапатталды.

«Үздік ойыншы» аталымын Жаңақала желілік өндірістік басқармасы командасының мүшесі Асхат Бекқалиев иеленді. Сондай-ақ №3 қазақ орта мектебі командасының мүшесі Еламан Рахимов «Үздік қақпашы» атанса, туризм орталығының қызметкері Дастан Жарасов «Үздік шабуылшы» атағына ие болды.

Жарыс барысын бас төрешілер бақылап отырды. Жарыс тартысты және өте қызықты өтті.  Жеңімпаздар арнайы дипломдар және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале