27.09.2018, 14:18
Оқылды: 36

Жаңақалада IT-сынып ашылды

IT (2)Жаңақала мектеп-гимназиясында Елбасы Жолдауындағы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында IT-сынып ашылды.


«Нұр Отан» партиясының қолдауымен жүзеге асқан сыныптың ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Қарағойшин, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Қадыров, ардагер ұстаз Р.Апахаева және ауылдық округ әкімдері мен мектеп ұжымы қатысты.

Аудан әкімі салтанатты шарада сөйлеген құттықтау сөзінде ІТ-сыныбы оқушылардың қазіргі заманғы бәсекеге сай білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында ашылып отырғандығын айтып, балаларға жарқын болашақ тіледі. Одан әрі аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы мен ардагер ұстаз Р.Апахаева жаңа сыныптың лентасын қиып, жаңа заманның цифрлы сыныбын тамашалады. Шара қонақтары шәкірттердің қолымен жасалған робототехникалармен  танысты.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

IT IT (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале