18.04.2017, 16:18
Оқылды: 15

Жаңақалада үстел теннисінен жарыс өтті

Жаңақала колледжінде үстел теннисінен ерлер және қыздар арасында аудандық жарыс өтті. Тартысты доданы ұйымдастыруға жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мұрындық болды.


 

Сайыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Еслямғалиева, Жаңақала колледжінің директоры С.Жүсіпбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дода нәтижесінде ерлер арасында I орынды Әділғали Жолдығалиев жеңіп алса, II орынды Қамбар Дәулетқалиев, III орынды Әлібек Сүлейменов иеленді.

Ал қыздар арасында Аяулым Маратова жеңіс тұғырынан көрінсе, Рауанда Ілиясова II орынды, Торғын Қабиева III орынды олжалады.

Жарыс жеңімпаздары жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале