20.06.2020, 8:51
Оқылды: 128

Жаңақалалық шахматшы үздік атанды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына және Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық онлайн жарысында жерлесіміз Әсемгүл Ғұбайдуллина шахматтан шашасына шаң жұқтырмай бас жүлдені иеленді.

F6F0C332-A8AB-4B5A-B5C3-2C171D422DB6

Ә.Ғұбайдуллина Жаңақала аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы болып қызмет атқарады. Спортшының жеке бапкері, ауданымыздың мақтанышы, шахматтан облысымыздың бірнеше мәрте жеңімпазы, І дәрежелі шахматшы - Жомарт Мұхамбетжанов.

- Жеке бапкерім Жомарт Мұхамбетжанов атаға рақметімді айтамын. Жақсы дайындады. Нәтижесінде әйелдер арасынан үздік болып, аудан абыройын асқақтаттым. Осындай жарыстар үнемі ұйымдастырылса екен, - дейді Әсемгүл жарыс жайлы әсерімен бөлісіп.

Жанайдар Жұмағұл,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале