2.10.2017, 16:26
Оқылды: 26

Жаңақалалық тоғызқұмалақшылар тағы да топ жарды

2017 жылдың 27-29 қыркүйек күндері Орал қаласында «Спорт жұлдыздары» газетінің жүлдесіне арналған тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының ашық турнирі өтті.

Бұл жарысқа Орал қаласы, Бөрлі, Сырым, Зеленов, Теректі, Жаңақала, МТЖО командаларынан 100-ден астам спортшы қатынасты. Бұл байрақты бəсекеге Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшыларыда қатысты.

Классика түрінен өткізілген бұл жарыста 10 жастағы қыздар арасында Айназ Сақтаған III орынды, 10 жастағы ұлдар арасында барлық қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, өзінің тағы да мықты екенін дəлелдей білген Нұрберген Түсіпқали I орын иеленді.

12 жастағы қыздар арасында Камила Ғафарова I орынды, ал Əлия Төрегелдиева III орын иеленсе, 14 жастағы қыздар арасында Аяжан Мағзомова II орын еншіледі. Осы орын алған спортшылардың барлығы да келесі айда Бурабайда өтетін ел біріншілігінде бақ сынайды.

Айзада АСХАТҚЫЗЫ

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале