2.08.2018, 9:13
Оқылды: 65

Жәнібек ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралады

Ospankulov ZhanibekЖәнібек ауданына іссапармен келген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Тау ауылына ат басын бұрып, ауылдық Мәдениет үйінің жұмысымен танысты. Мәдениет үйімен жапсарлас орналасқан кітапханаға бас сұғып, рухани орданың жай-күйіне қанықты. Содан соң ауылдағы жазғы спорт алаңының ашылу салтанатына қатысты.


 

–Бүгін облыс орталығынан шалғайда жатқан ауылдарда инфрақұрылымды нысандар салынып, жұртшылықтың игілігіне берілуінің куәсі болып отырмыз. Спортқа көңіл бөлген ұлт - дені сау ұлт.  Зәулім сарайдай мектептің жанынан спорт алаңы ашылғалы тұр. Осындай тамаша  алаңда жастар спортпен шұғылданып, шыңдала берсін!-деді  алаңның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.

Ospankulov Zhanibek (4)Жазғы спорт алаңын Айболат Аяпов жетекшілік жасайтын «Жәнібек-Транс-Сервис» ЖШС құрылысшылары бір айдың ішінде бітіріп, іске қосқан. Спорт алаңының лентасын облыстық мәдениет спорт саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Батырханов ауылдағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Төлепқали Азберген қиды.

Бұдан соң спорт түрлеріне кезек беріліп, ұзынкөлдік Үмбетәлиевтер кір тасын аузына тістеп көтеру, шегенің, әйнектің үстіне жату, тасты кеудесіне қойып балғамен ұрғызу тәрізді көріністер қойды. Жаңадан ашылған спорт алаңында Тау мен Ақоба ауылдарының командалары шағын футболдан сайысқа түсті.

Ospankulov Zhanibek (3)Облыстан келген топ одан әрі Борсы ауылына жол тартып, ақын, ғұлама Ғұмар Қараштың басына орнатылған кесенеге табан тіреді. Мұнда ғұламаның зиратына тәу етіп, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев құран бағыштады. Кесенені көрген Ғабидолла Абдоллаұлы: «Игі іс жасап жатыр екенсіздер»,-деп разы болып, аудан әкіміне, жұртшылыққа ризашылығын білдірді. Борсы ауылына бет түзеген топ Мәдениет үйіне, мектепке соғып, әлеуметтік нысандардың жай-жапсарымен жете танысты. Спорт зал, компьютер сыныптарын аралап көрді.

Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ Жақсыбай ауылына келіп, «Туған жер» бағдарламасына сай жүзеге асып жатырған жұмыстармен танысып, «Рухани жаңғыру» аясында салынған Жақсыбай-Еңбек автожолына барды. Ауылдағы мектепті, Мәдениет үйін аралады. Жақсыбай-Петропавловка жеңілдетілген өткізу пунктіне барып, ондағы жағдайға қанық болды.

                                                                               Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Ospankulov Zhanibek (5) Ospankulov Zhanibek (2) Ospankulov Zhanibek (1) Ospankulov Zhanibek (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале