28.03.2018, 14:42
Оқылды: 60

Жәнібек сахнасында – «Ғашықсыз ғасыр»

zhanibek 2Кеше Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде театр күніне орай Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» атты екі бөлімді пьесасы сахналанды.

Аудандық халық театрының ұжымы (қоюшы режиссері Амангелді Насипов) шынайы өмірден алынған пьесаны сәтті алып шықса, театр әртістері А.Насипов (Қайырбай рөлінде), А.Ахмулдина (Фарида), Г.Қаташева (Райхан), Д.Зейнуллин (Руслан), Б.Қарабасова (Нәзікеш), М.Қадырова (Жұлдыз) өздеріне жүктелген рөлдерді шеберлікпен сомдады.

Қойылым соңында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов театр ұжымын құттықтап, сөз сөйледі.

Г.ТӨРЕҒАЛИЕВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале