8.06.2017, 11:32
Оқылды: 26

Жәнібекте «Балдәурен» лагері ашылды

Жәнібек ауданының орталығындағы «Балдәурен» жазғы туристік-өлкетану лагерінің маусымдық ашылуы болды. Оған аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы мен аудан орталығындағы мектептердің директорлары қатысты.

Лагерьде алты кезең бойынша 240 бала жазғы демалыспен қамтылмақшы.

Шара барысында демалушылар өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастады.

-Алғашқы кезекте аудан орталығындағы үш мектептен 40 бала демалады. Сонымен қатар үздік оқушылар мен өкпе ауруымен ошақтас балалар да жазғы демалыспен қамтылады,- дейді лагерь басшысы Елдос Сағадатов.

А. ОРЫНҒАЛИҰЛЫ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале