8-707-808-48-55
12.09.2018, 16:54
Оқылды: 25
Жәнібекте қысқа дайындық ойдағыдай

Жәнібек ауданының негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асылбек Қамашевтің бізге берген мәліметіне сүйенсек, биыл аудан бойынша 106900 тонна мал азығын дайындап алу жоспарланған екен.

Shingirlau-shop-shabu

         Содан 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша 267232 гектар жердің шөбі шабылып, 75917 тонна өнім алынған немесе ол 77,3 процентті құраған. Әр гектардың өнімділігі 2,8 центнерді құрап отыр. Мұның сыртында былтырдан қалған 4915,0 тонна шөп бар көрінеді. Мал азығын дайындау науқанына 175 трактор, 159 шөп шабатын агрегат пен тырма, 96 пішен жинағыш пен 63 пішен маялағыш қатысуда.

Ауылдық округтерге келсек, таулықтар көрсетілген мерзімде жоспарда белгіленген 11470 тоннаның орнына 10750 тонна шөп дайындап, жоспарды 93,7 процентке орындаған. Мал азығын ең көп дайындауды жоспарлаған ұзынкөлдіктер 16560 тоннаның орнына 12528 тонна, күйгенкөлдіктер жоспардағы 16440 тоннаның орнына 11865 тонна, ақобалықтар 14540 тоннаның орнына 11060 тонна өнім дайындап, жоспарларын тиісінше 75,7, 72,2 және 76,1 процентке орындауды қамтамасыз еткен. Қалған ауылдық округтердің көрсеткіші 70 пен 79,7 процент аралығын құрайды. Жәнібек және Тау ауылдық округтері бойынша қосымша 5750, 950 тонна мал азығы сатып алынған.

-Биыл көктемде жауын-шашын мүлдем тамбады. Соның салдарынан шабындықтың өнімділігі төмен болып қалуда. Аудан орталығына ауылдық округтерден әкелініп сатылатын шөптің де қарасы азайған бүгінде. Бірен-саран әкелгеннің өзінде де шөптің жұғымдылығы төмен болатын түрі бар, - дейді қолдарына мал ұстап отырған жәнібектік тұрғындар.

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ,

Жәнібек ауданы

 

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру