17.01.2018, 12:22
Оқылды: 42

Жәнібекте мекеме басшылары бірігіп домбыра үйірмесіне жазылды

БҚО-да өткен патриоттар форумында танымал өнерпаз Тұрсынбек Қабатов мектептерде домбыра үйірмесін ашу туралы өз ойын білдірген болатын.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындаған осы бастама аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанованың тарапынан қолдау тауып отыр.

Сөйтіп, аудан орталығындағы бірқатар мекеменің басшыларынан құралған топ (барлығы 8 адам) аудандық саз мектебіне келіп, домбыра үйірмесіне жазылады. Қазір олар әр сенбі сайын мектепке келіп, Гүлмира Құбаева, Назгүл Сейтешева сынды ұстаздардан домбыра тартуды үйреніп жүр.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале