5.06.2019, 18:18
Оқылды: 351

Жәнібекте «Отбасы Бизнес» жобасы аясында грант сертификаты берілді

Жәнібек ауданында құс шаруашылығын дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
WhatsApp Image 2019-06-05 at 15.46.38

Жәрмеңкенің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жұбаныш Хайруллин сөз сөйлеп, «Отбасы Бизнес» жобасы аясында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына» қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант сертификаттарын табыстады.

WhatsApp Image 2019-06-05 at 15.46.41

Нақтырақ айтсақ, олардың қатарында тігін қызметін ұсынатын Назгүл Құмашева, автокөлік жөндеу сервисін ашу үшін Лиза Бірманова және кондитерлік тағамдар дайындайтын Лера Бижанова бар.

WhatsApp Image 2019-06-05 at 15.46.42

Бұдан әрі халық құс және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Жәрмеңкеде сүт өнімдері, атап айтсақ сары май, қаймақ, қайнатылған құрт, құрт, сүзбе сатылды. Қолөнер бұйымдары да саттыққа шығарылды. Ал құстардың сан түрін тасқалалық жеке кәсіпкер Ізбасар Кенжәлиев алып келген. Он жыл бұрын 1000 балапан өсіріп айналысқан ол қазіргі таңда 20000-ға жуық құс түрін өсіруде.

WhatsApp Image 2019-06-05 at 15.46.43

-Жәнібектегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қолжетімді бағамен 3000-ға жуық құс әкелдік. Оның ішінде мулард, бройлер, қаз, үйрек, тауық бар. Жәрмеңкеде негізінен қаз бен мулардқа сұраныс жақсы болды. Ауыл тұрғындары мулард еті дәмді деп жатады,- дейді жеке кәсіпкер.

Бұрын соңды болмаған жәрмеңкеде аудан тұрғындары құстар мен оның жемін әп-сәтте сатып алды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы   

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале