17.06.2019, 15:41
Оқылды: 109

Жәнібекте тігін шеберханасы ашылды

         Жәнібек ауданының орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар Майра Кенжина мен Қантым Ғұмарова бірігіп тігін шеберханасын ашты.

IMG_0015

Шеберхананың ашылу салтанатына ауылдық округ әкімдігінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, дербес бөлімдердің басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

- Майра мен Қантым апамыз өмірдің ауыртпалығын еңсеріп, еңбек сүйгіштіктерімен ерекшеленеді. «Әйел-ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген осы шығар. Аудан жұртшылығы сіздердің қолдарыңыздан шыққан бұйымдарды пайдаланып, кәделеріне жаратсын. Ең бастысы, сіздерге денсаулық, жаңа бастамаңызға сәттілік , - деді ауыл әкімі Абзал Қаратаев.

IMG_0017

Бұдан соң Абзал Бақытұлы мен Майра Иманғалиқызы нысанның лентасын қиды.

Кәсіпкер, II топ мүгедегі Қантым Аманқызының айтуынша, тігін шеберханасы түрлі тапсырыстарды қабылдайды.

-Шеберханамызда түрлі бағытта, яғни жөндеу, жаңа киім үлгісін тігу қызметтерін көрсетеміз. Сондай-ақ қыз жасауына да тапсырыс аламыз. Көрпе, жастық, бұйымдарды тігеміз. Демалыс күндері де жұмыс істей береді, - деді Қантым Ғұмарова.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале