14.03.2019, 18:21
Оқылды: 22

Жәнібекте ұлттық мереке ұлықталды

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде өнерпаздар күйден шашу шашып, Көрісу айтының көріністерін көрермендерге тарту етті. Киіз үй тігіліп, дербес мекемелердің басшылары мен ауыл ардагерлері ұлттық тағамдардан дәм татып, Құран бағышталды. Жұртшылықты аудан әкімі Азамат Сафималиев мерекемен құттықтады.

IMG_0017

-Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында тарихымызды жаңғыртып, ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды насихаттау бағытында түрлі шаралар өткізілуде. Бүгінгі шараның басты мақсаты - ағайын мен туыс, көрші-көлем арасындағы байланысты нығайтып, сол арқылы елдегі ауызбіршілікті сақтау. Бәріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін, - деді аудан әкімі.

Сахна шымылдығын ақ жаулықты әжелерден құралған «Ақниет» және «Надежда» ансамбльдері халық әндері «Сусамыр елдің жайлауы», «Дедім-ай ау», «Гүлдерайым», Абайдың әні «Көзімнің қарасы» әндерін тарту етіп, попурри орындады. Кеш барысында ерлі-зайыпты Сұлтан-Мария Мұсаевтар «Алтыным» әнін шырқап, «Ақмаржан» халықтық-би ансамблі мен Меңсұлу Жұмақұлова «Ата толғауы» биін биледі. Кеш аудан ардагерлерінің орындауында «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.

IMG_0021 IMG_0050 IMG_0074

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале