9.12.2019, 17:12
Оқылды: 159

Жәнібектегі бауырластар зиратынан алынған топырақ Ресейге жіберіледі

 Жәнібек ауданының орталығы Жәнібек ауылының батыс бетіндегі бауырластар зиратында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай капсула табыстау рәсімі өтіп, оған аудан әкімі, аудандық мәслихаттың хатшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, бөлімдер мен мекемелердің басшылары және 2036 әскери бөлімнің шекарашылары қатысты.

janibek (4)

 Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Жәнібек жерінде қаза тапқан жауынгерлер жерленген бауырластар зиратындағы боздақтардың саны бұрынғы деректер бойынша 93 болса, РФ Қорғаныс министрлігі орталық архиві құжаттарының негізінде анықталған мәліметтерге сәйкес 140 жауынгер болып түзету енгізілген. Сол ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухы бір минут үнсіздікпен еске алынды.

janibek (2)

-Келесі жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толады. Соғыс жылдарында майданға аттанып, қан кешкен боздақтардың бүгінгі бейбіт өмірге қосқан үлестері зор. Соғысқа ауданнан 3602 жауынгер қатысып, жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті. Келешек ұрпақ бізге алаңсыз өмір сыйлап кеткен боздақтардың ерлік дәстүрін ешқашан ұмытпауға тиіс. Бүгінгі шараның мәні – Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеу қаласында мемориалдық кешен салынуда. Соған ТМД елдері бойынша бауырластар қорымынан алынған құтылар жіберілуде. Осыған орай бүгін біз осы міндетті атқарудамыз, - деді шарада сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев. Одан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев те өз пікірін білдірді.

Осылайша, топырақ салынған капсула аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Арман Ахоновқа табыс етілді.

А.Есіркепов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале