14.11.2017, 12:00
Оқылды: 17

Жәнібектік студенттер Ресейдегі фестивальге қатысты

IMG_5727М.Ықсанов атындағы  Жәнібек колледжінің студенттері Волгоград облысының Палласовка қаласында ұйымдастырылған «Дружба народов» фестиваліне қатысты.

-Бірлік пен ынтымақтың символына айналған бұл фестиваль өте жоғары деңгейде өтті. Н.Хайырлиев қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен мәдениетін бейнелейтін көрмемен таныстырып, ол барлық қатысушылар мен қазылар алқасын таң қалдырды. Олар ұлттық тағам мен қолөнер бұйымдарына қызыға қарап, қазақ жеріне осынау байлығын көріп, тереңірек танысу үшін міндетті түрде келетіндерін айтты. Сонымен қатар колледж аруларынан құралған биші қыздар «Ерке сылқым» биімен көрермендердің көзайымы болса, студентіміз Дәулет Ғайнуллин «Қазақстаным» әнімен барша жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Фестивальге 12 қатысушы топ арасынан «Ең көркем ұлттық образ» аталымы бойынша дипломға ие болдық,-дейді колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлдана Аткешова.

А.ЕСІРКЕПОВ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале