25.09.2018, 11:49
Оқылды: 60

Жәнібектіктер «Дондағы Ұлы Жібек жолы» фестиваліне қатысты

Ресейдің Ростов облысы Волгодон қаласында «Дондағы Ұлы Жібек жолы» атты тарихи қайта құру аймақаралық фестивалі өтті.

IMG_0054

Құрылғанына 68 жылболған қаланың туған күніне Волгоград қаласындағы «Қазақстан Мұрасы» ҚҚ төрағасы Айболат Ахметовтың арнайы шақыруымен Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев бастаған делегация мен «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблі қатысты. Фестивальге келген қонақтар экологиялық тарихи музей мен «Жеңіс» саябағына саяхат жасады.

Фестиваль Цимлян су қоймасында желкенді қайықтардың шеруімен басталды. Бағдарламада Волгодон қаласының тарихын айқындайтын театрландырылған көрініс, «Қала шеберлері» атты сәндік-қолданбалы өнер, Ресей жерінде тұратын қазақ, шешен, армян, әзірбайжан, түрік, қалмақ ұлттарының және «Жібек жолының сыйлары» атты гастрономиялық көрмесі ұсынылды. «Мұра» әскери-тарихи қайта құру лагері, ат спорты жарысы, фотобайқау және тағы басқалары көрініс тапты.

«Қызғалдақ» атты Қалмақ Республикасының мемлекеттік академиялық ән және би ансамблі, «Жәнібек сазы» оркестрі мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт тамашаланды. Волгодон қаласы әкімшілігінің басшысы Виктор Мельников қонақтар мен жұршылықты қаланың туған күнімен құттықтап, мейрамның керемет өтуіне тілектестігін білдірді. Фестиваль мерекелік от шашумен тәмамдалды.

Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,

Жәнібек ауданы

IMG_0166 IMG_0187 IMG_0241

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале