9.06.2019, 9:03
Оқылды: 10

Жәнібектіктер өз таңдауын жасауда

Жәнібек ауданында Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өтуде. Ауданда жалпы 19 сайлау учаскесі болса, оның 5-еуі аудан орталығында. 139-шы сайлау учаскесінде ең бірінші болып аудан тұрғыны Светлана Хайрушева дауыс берді. Оның айтуынша, Президентті сайлау - әрбір қазақстандықтың парызы.

        zhanibek (2)

  - Қазақстан Республикасының Президентін сайлау мен үшін өте маңызды. Елдің өркендеуі, өсуі, танымал болуы тікелей көшбасшыға тәуелді. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым және ойлаған адамым жеңіп шығады деген үміттемін. Сондай-ақ ел болашағы үшін зор үлесін қосады деп ойлаймын, - дейді аудан тұрғыны.

Сонымен қатар өмірінде алғаш рет дауыс беруге келген жастар да баршылық. Солардың бірі - 18 жастағы Жәнібек ауылының тұрғыны Жансая Еркеғұлова.

zhanibek (3)- Бүгін еліміз үшін тарихи сәт. Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде бүгін алғаш рет дауыс берудемін. Тәуелсіз Қазақстанның болашағына сенімім мол. Алдағы уақытта еліміз дамыған елдердің қатарынан көрінеді деген сенімдемін,- дейді бойжеткен.

Айта кету керек, аудан тұрғындары сайлауға бір кісідей қатысуда. Таңғы жетіден бастап белсенділік танытуда. Сондай-ақ бірінші, жасы үлкен және алғаш рет дауыс берушіге сыйлықтар табыс етілді.

zhanibek (1)

Гүлзара МӘДИ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале