16.06.2017, 14:45
Оқылды: 28

  «Жас қыранда» 150 оқушы демалады

 

Ақжайық ауданында «Жас қыран» жазғы шатырлы лагері жұмысын бастады.

Алғашқы ауысымға келген 30 оқушыны аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Абдолова, ТЖД Ақжайық ауданы №6 жедел құтқару жасағы бөлімінің басшысы Марат Қабақаев және туризм және экология орталығының директоры Максим Үмбеталиев құттықтады.

Мұнда жаз бойы 150 бала демалып, туризм, экология және өлкетану бағыттарында білімдерін жетілдіретін болады. Айталық, өткен кезеңдегі дәрістерді пысықтау, туризм дағдыларын шыңдау шәкірттерге ұмытылмас күндер әкелері сөзсіз. Ата-аналармен, мектептен тыс ұйымдармен бірлескен шаралар да ұйымдастырылады.

– Жасанды құзға өрмелеу, туристік өткелдер мен футболдан, волейболдан, тоғызқұмалақтан біріншіліктер басталды,- дейді «Жас қыран» шатырлы лагерінің жетекшісі Дулат Шәмелов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале