25.10.2018, 17:59
Оқылды: 81

«Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы ақжайықтық жастармен жүздесті

Ақжайық ауданына жұмыс барысымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев келді.

aqjaiyq (1)

         Ол алдымен Чапаевтағы «Өркен» коворкинг орталығына атбасын тіреді. Жылға жетпейтін уақыт ішінде біраз тың, мазмұнды істердің ордасына айналған «Өркеннің» жұмысымен мейман қызыға танысты, қыз-жігіттермен Елбасының жаңа Жолдауы жайында әңгімелесіп, пікірлесті.

         Данияр Манарбекұлы сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «English for Jastar» жобасы бойынша Жаһанша Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледждің студенттері, жас волонтерлар Үмітханым Сайлау мен Эльвира Амангелді қолға алған ағылшын тілін үйрету курсының тынысымен танысты.

         Сосын ол ауылдардан жиналған жастармен кездесті. Д.Сүндетбаев оларға болашаққа көз жүгіртіп, дәуірдің талабына сай ізденіспен биік межелерге қол жеткізу жайында әңгімеледі, сұрақтарға жауап қайтарды.

         Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Әлия Шәрапиева ақжайықтық қыз-жігіттердің еңбектегі жетістіктері туралы баяндады. Данияр Манарбекұлы гитарамен жастармен бірге ән шырқады.aqjaiyq (2)Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

         Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале