20.08.2019, 12:59
Оқылды: 124

«Жастар керуені» жобасы Қаратөбеде

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып жатқан «Жастар керуені» жобасы Қаратөбе ауданымызда болып, ауыл жастарының тыныс-тіршілігімен танысты.

DSC_0715

Жоба еріктілері ең бірінші кезекте әр ауданның ауыл округтық жастарымен түрлі сала мамандары кездесіп, қазіргі таңдағы әртүрлі бағыт бойынша мүмкіндіктерді түсіндіріп, жаңа жобалар жөнінде ақпарат берілді.

Шараның екінші бөлімінде «Business Power» жобасының авторы, жеке кәсіпкер Айнаш Бижанова кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңес берді.

DSC_0728

Команда жасақтау, топпен жұмыс жасауды үйрету мақсатында психолог Нұргүл Елеуова, дебат ойындарын дамыту, жастарды шешен сөйлеуге үйрету мақсатында облыстық «Ақиқат» пікір-сайыс орталығының ойыншылары Гүлбағым Ниязбаева семинар-тренинг өткізді.Сонымен қатар мамандар би өнері және фристайлдан шеберлік сағатын көрсетті.

– Жобаның негізгі міндетері ауыл жастарымен, түрлі саланың мамандарымен кездесу өткізу және мотивациялық диалогты қалыптастыру, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және оларды жетілдіруге байланысты олардың ұсыныс-тілектерін қабылдау, жас өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастыру.

DSC_0735

         Жоба бір ай бұрын Қазталов, Жәнібек, Бөкей орда мен Жаңақала аударында өтті. Тамыз айының он бесінен басқа аудандарда жұмысымызды жалғастырудамыз. Жоба Бәйтерек ауданында қорытындыланады. Жоба биыл алғаш рет қолға алынып отыр, сол себепті де барлық өңірлерде бірдей деңгейде өтіп жатыр айта алмаймын. Бірақ алдағы уақытта үлкен қолдауға ие болады деп сенеміз, - дейді «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының менеджері Жандос Сұңғатов.

Семинар-тренинг облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале