19.05.2020, 11:56
Оқылды: 73

Жастар «I LOVE ТАСҚАЛА» электронды белгіні орнатты

Тасқала ауданы орталығындағы Абай көшесінде ауыл жастары жиналып, құрылыс жүргізіп жатқанын байқадық. Тұңғыш Президент саябағы маңына жиналған жастар «I LOVE ТАСҚАЛА» электронды жазуын орнатуды қолға алған.

889501A7-103A-49BA-BCB4-1AC8497C878B

Тынымсыз жұмыстанып жатқан жастардың жанына жақындап барып сөзге тартқанымызда, кеудемізге қуаныш ұялады. Елдігімізді көрсетіп, бірлігімізді танытсақ, бітпейтін іс болмайды-ау.

25A313BA-F2D8-4E94-BA0B-94DD3EF6BF80

– Бұл игі істі ұйымдастыруға ауылдың қарапайым жастары ұйытқы болды. «WhatsАpp» желісі арқылы топ ашып, қаражат жинап, түскен қаржыға материалдар алдық. Қазіргі таңда жұмысшы жастар игі іске кірісіп кетті. Бұл істі ұйымдастырудың басты себебі де бар. Мұндай тақтайша қазіргі таңда бүкіл аудан мен ауылдарда орнатылған. Аудан орталығында болмағаны көңілімізді түсіріп жүрген еді. Ауылдастарымыздың бірі қаржылай, енді бірі құрылыс материалы жағынан қолдау көрсетуде, – дейді аталған істі ұйымдастырушылардың бірі Артур Бисалиев. Үйің мен аулаңның, көшең мен ауылыңның таза әрі әдемі болғанына не жетсін?! Тақырыбымызға арқау болып отырған бүгінгі жастардың тірлігі басқаларға үлгі боларына сеніміміз мол. Әсіресе аудан орталығына кіреберістің жарқырап, жайнап тұрғаны қандай жақсы!

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале