9.12.2019, 11:52
Оқылды: 156

Жерлестер жеңіспен оралды  

Жуырда Сырым ауданында ұйымдастырылған қол күресінен жасөспірімдер арасында ашық аудан біріншілігіне Қаратөбе ауданының командасы қатысып келді.

qaratobe (1)

Аталмыш жарысқа Орал қаласы, Қазталов, Тасқала, Теректі, Ақжайық, Қаратөбе, Сырым аудандары және ауылдық округтерінен барлығы 200-ге жуық спортшы қатысты.

2004 жылы туған және одан төмен жасөспірім ұлдар арасында Қаратөбе аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылар Дастан Құсан І орын (35 келі), Айдарбек Амантаев ІІІ орын (50 келі) місе тұтса, Аққозы мектебінің оқушылары Ерген Төлепов ІІІ орын (40 келі), Нұрбек Қайыршақов І орын (45 келі) жеңіп алды. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен қаракөлдік Ерхан Асқар мараматталды.

qaratobe (2)

Ал ересектер арасында 75 келі салмақ дәрежесінде Жасұлан Жүсібалиев ІІІ орынды місе тұтты.

Турнир барысында «Әділ төрелік еткені үшін» Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жоғарғы санатты және ұлттық спорт төрешісі Нұрқат Нысанов дипломға ие болды.

Жалпы командалық есеп бойынша Орал құрама командасы І орын, Сырым құрама командасы ІІ орынды, Қаратөбе құрама командасы ІІІ орынды қанжығасына байлады.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале