8.01.2021, 11:47
Оқылды: 26

Жетекші партияны қолдауға шақырды

Қаратөбе аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Қадыржан Сүйеуғалиев, Нұрлан Меңдешов, Дулат Қоламановтар Егіндікөл ауылында болып, тұрғындармен кездесті.

Егиндикол кездесу1

«Nur Otan» партиясының Қаратөбе аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Нұрлан Оразов кездесудің негізгі мақсатын түсіндіріп, үміткерлерге сөз ұсынды.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жұмыстар турасында әңгіме өрбітті.

Егиндикол кездесу

Кездесу соңында алдағы сайлау науқанында «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

 

С.Хасанов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале