1.03.2018, 16:40
Оқылды: 26

«Жібек жолы» жеңіспен оралды

Наиля Ермекқызы Қадырқұлова жетекшілік ететін Тасқала аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Жібек жолы» халықтық би ансамблі Татарстаннан жүлделі оралды. Олар ІV халықаралық балалар мен жасөспірімдердің «В ритме танца» фестиваліне қатысып ІІ дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.

Халықтық би номинациясында «Нұршашу», «Қыз ғұмыр» билерімен өнер көрсеткен ұжымға халықаралық деңгейдегі төрешілер мен сала мамандары  жоғары баға берді.

Бұл ансамбльдің алғашқы жеңісі емес. Құрылғаннан бері Астана Алматы, Шымкент, Орал қалаларында өткен халықаралық «Тұлға», «Ақкөгершін», «Нұрлы жол», «Күншуақ», «Танцы без границ», «Дала дарындары» фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Ауданымыздың намысын қорғап жүрген өнерлі өрендердің алар асуы алда екені сөзсіз.

Б.ХАБИДАШЕВА,

 аудандық мәдениет үйінің әдіскері,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале