Жосалы ауылдық округінде ардагер ұстаздар Асан Жүсіпов пен Сәнипа Сұлтангерееваның 70 жасқа толу мерейлі тойларына орай волейболдан аудандық ашық турнир өтті. Турнирдің салтанатты ашылуына «Қайсар» спорт клубының директоры Бауыржан Ихсанов, Жосалы ауылдық округінің әкімі Қобыланды Ғабдешов, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы мектебінің директоры Әскербек Тәжіғалиев қатысты.
Айта кетейік, Асан Жүсіпов те, Сәнипа Сұлтангереева да ауданның білім беру саласында 35 жылдан астам еңбек еткен ұстаздар. Асан Жүсіпов бүгінгі күні ауылдық округтің ардагерлер кеңесі мен қоғамдық келісім кеңесіне төрағалық етеді.
Турнирдің ашылу салтанатында округ әкімі Қобыланды Ғабдешов Асан Жүсіповке ауылдастарының атынан ат мінгізді. Мектеп директоры Әскербек Тәжіғалиев Асан Жүсіповке шапан, Сәнипа Сұлтангерееваға қамзол жапты.
Волейболдан турнир күн аяғында қорытыланды. Турнирдің жеңімпазы болып Аралтөбе ауылдық округінің командасы танылды. Бұлдырты ауылдық округінің командасы мен Ақжайық ауданының командасы кейінгі орындарды бөлісті.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер