Жәнібек аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрпейіс Елемесовтің айтуынша, ауданда «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жұмыс орындары құрылуда. Мәселен, Жәнібек ауылында салынатын 8 үш пәтерлік тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына аталған орталық арқылы 10 адам жұмысқа жолданады.
Жұмыспен қамту орталығы директорының айтуынша, Жәнібекте асфальт-бетон жамылғы жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына - 5, Қамысты ауылындағы ауыз су құбырын қайта жөндеу жұмыстарына - 5, Ақоба ауылдық округіндегі «Соркөл-Әбділман» бөгетінің құрылыс жұмыстарына - 3, Жәнібек ауылындағы тротуар құрылысы жұмыстарына - 2, Жақсыбай ауылындағы спорт алаңының құрылыс жұмыстарына - 2, Майтүбек және Жұмаев елді мекендеріне табиғи газ тарту жұмыстарына - 2, Жәнібек-Қазталов республикалық автожолының күрделі жөндеу жұмыстарына - 10 адам жұмысқа жолданады.
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz