17.04.2019, 18:29
Оқылды: 26

Жымпиты халық театры «Құрмет» грамотасына ие болды

Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында «Мұрагер» халықтық театрының 5 жылдығына орай өткен аймақтық театрлар фестивалінде Сырым ауданының Жымпиты халық театры өнер көрсетіп, Бөрлі ауданы әкімінің «Құрмет грамотасына» ие болды, деп хабарлайды аудандық демалыс орталығы мекемесінің директоры Серік Тоқмамбетов.

IMG-20190417-WA0066

         -Өнер саласының ішінде театрдың орны қашанда бөлек. Көрермен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниесіне ем болатын да – театр сахнасы. Сіздердің осынау өрелі өнерлеріңіз бен таланттарыңызға тәнті болған Бөрлі ауданы тұрғындары мен қонақтарына сыйлаған әсерлі қойылымыңыз үшін алғыс білдіремін! – делінген Құрмет грамотасында.

         Айта кетейік, Ақсайдағы аймақтық театрлар фестиваліне өз өңірімізден бөлек, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының халықтық театрлары қатысты. Жымпиты халық театры бөрлілік көрерменге Б.Айдарбековтың «Жұмаққа жетелер жол» атты әлеуметтік драмасын ұсынған. Драма дәстүрлі діннің құндылығы, сыбайлас жемқорлық және отбасы сияқты үш әлеуметтік мәселені қозғайды.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале