20.04.2018, 12:25
Оқылды: 53

Жымпитыда модульді мал сою пункті іске қосылды

Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында «Ынтымақ» бағдарламасы аясында «Атамекен – Сырым» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің модульді мал сою пункті іске қосылды. Пункттің салтанатты ашылу шарасына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

Модульді мал сою пункті ауысымына 10 малды бірдей қабылдай алатын мал сою алаңынан, сыйымдылығы ауысымына 4 тонна өнім сақтау мүмкіндігі бар тоңазытқыш бөлігінен және ветеринарлық зертханадан тұрады. Жобаның құны 27 млн.теңгені құрайды.

- Нысанның құрылысы үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 23 млн.теңге несие алынды. Қалған қаражат кооперативтің есебінен толықтырылды. Ауылдағы жеке адамдардың мал бордақылау ісін дамыту мақсатында 2017 жылы «Береке» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.Түлігін күйлендіріп отырған тұрғындар ендігі жерде жаңа пункт арқылы мал сою мен өнімді сақтаудың сапалы қызметін тұтына алады.

IMG_8439Себебі малды үй жағдайында, қора-қопсының маңында союға қазір рұқсат жоқ. Пункт қызметінің бағасы жалпы халық үшін 5000 теңге деп белгіленіп отыр. Кооператив мүшелері үшін малды тасымалдау мен сою, сақтау қызметтерінде жеңілдік болады,- дейді «Атамекен-Сырым» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің жетекшісі Айдынғали Балғалиев.

IMG_8365Мамандардың айтуынша, пункттің ең басты тиімділігі – тазалық. Бұл жерде мал етінің сапасы арнайы аттестациядан өткен ветеринар маманның қадағалауында болады. Тұрғындар модульді мал сою пункті арқылы малдың сойылғаны жөніндегі құжатты да еш кедергісіз рәсімдей алады. Ветеринар маманнан бөлек, кооперативте қасапшы және қасапшының көмекшісі, малдың ішкі құрылысын қабылдаушы маман жұмыс жасайтын болады.

Нысанның құрылысын «Академ СТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Сырым ауданындағы мал сою пункті - өңірде іске қосылған алғашқы модульді пункттердің бірі.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

 Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале