24.04.2020, 10:38
Оқылды: 34

Коронавирус ойдан шығарылған індет емес – Елжан Біртанов

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індетін емдеудің тиімді клиникалық хаттамасын әзірлеген әріптестеріне ризашылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

308A0523-57EA-4B98-96B6-3B77B9C017FE

«Ақтаева Ләззат Мейрашқызына және еліміздің жетекші медицина қызметкерлеріне, барлық әріптесімізге коронвирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің тиімді әр сәтті қолданылған клиникалық хаттамасын әзірлегендері үшін ризашылық білдіремін. Еліміздің әртүрлі өңіріндегі індетпен қазіргі уақытта күресіп жатқан барлық әріптесімен рахмет. Індет ойдан шығарылмаған, ол өкінішке қарай әлі де жалғасуда. Бірақ, медицина қызметкерлерінің, сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің түрлі учаскелерін басқарып жүрген әріптестерімнің жанқиярлық еңбегінің арқасында әзірше індет бақылауда тұр. Сондықтан да барлықтарыңыздан парасатты болуды, медицина қызметкерлері мен биліктің ұсыныстарын орындауды тағы да өтінемін. Бұл мәжбүрлі уақытша шектеулер», - деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook парақшасында COVID-19-ға қарсы иммунды плазма технологиясын жағдайы ауыр пациенттерге қолдану мақұлданып, ол коронавирус инфекциясы бойынша қазақстандық клиникалық хаттамаға қосылғанын, КВИ ауыруын жеңген 18 жаста толған адамдар ғана донор бола алатындығын жазған еді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале