30.04.2020, 11:31
Оқылды: 48

Болатбек Каюпов: "БҚО-да коронавирус жұқпасының ауыр түрімен жатқандар жоқ"

БҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жай-күйі туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов баяндады.
2EBB4919-C0F8-493F-B531-9E9DEDC0DE6B
- БҚО-да коронавирус жұқпасын жұқтырудың 146 дерегі тіркелді. Олардың 80 пайызға жуығы жеңіл формада өтуде. Қалған 20 пайызын орташа деп бағалауға болады. Алты науқаста пневмония белгілері бар. Бірақ жұқпаның ауыр түрімен жатқандар жоқ. Ауру жұқтырған медициналық қызметкерлер туралы айтар болсақ, бұл жұқпа ешқандай белгілерсіз, жөтелсіз, түшкірусіз, дене қызуынсыз өтуде. Сол үшін де індет аса қауіпті, жұғу қаупі өте жоғары. Вирустың ауаға таралған азғантай бөлшегінің өзі адамның коронавирусты жұқтыруына себепші болады. Ауруды жеңіл түрінде, бастапқы кезеңде анықтау бізге коронавирус жұқтырған науқасты ерте сатысында емдеуге мүмкіндік беріп отыр. Әлеуметтік желілерде айтылғандай коронавирус ойдан шығарылған кесел емес. Облыс тұрғындары бұл жұқпаның  қауіпті екендігін түсініп, сақтық шараларын бәсеңсітпесе екен деймін. Гигиеналық талаптарды сақтап, дерттен қорғануды естен шығармай, оның алдын алуға үлес қосайық, - деді Болатбек Амангелдіұлы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале