30.04.2020, 12:15
Оқылды: 51

 «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы қашықтан өтті

    28 сәуір күні облыстық экологиялық-биологиялық орталығында білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына сүйіспеншілік тәрбиелеу мақсатында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумы қашықтықтан өтті.

E90F1091-DE07-40BF-8206-E493C8E9AD99

     Форум 5 номинация бойынша өткізіліп, оған 7-10 сыныптардың білім алушылары қатысты. Біздің ауданнан облысқа 5 оқушының жұмысы жолданып, бәрі де жүлделі орынға лайық деп танылды.

Атап айтсақ, «Туған өлкені зерттейміз» номинациясынан М.Мәметова атындағы ЖОББМ-ң 7-сынып оқушысы Гумаров Орынбектің жұмысы І орын (мұғалімі А.Гумарова), «Экоболашақ» номинациясынан Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-ң 7-сынып оқушысы Зайнуллин Оралбектің жұмысы І орын (мұғалімі Б.Шарафетдинова), «Жасыл оазистер» номинациясынан Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-ң 10-сынып оқушысы Сарсемалиева Лунараның жұмысы ІІ орын (мұғалімі Б.Шарафетдинова), «Жасыл экономика» номинациясынан Жәңгірхан атындағы ЖОББМ-ң 10-сынып оқушысы Хайырлиева Дильназдың жұмысы ІІ орын (мұғалімі Б.Шарафетдинова), «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясынан М.Маметова атындағы ЖОББМ-ң 9-сынып оқушысы Урагалиева Жасминаның жұмысы ІІІ орын (мұғалімі Д.Даулетова) алды.

І орынға бағаланған оқушылардың жұмыстары республикалық форумға жолдама алды. Егерде еліміздегі төтенше жағдай режимі аяқталса, облыстық форумның жеңімпаздары 2020 жылдың 8-9 маусымында Тараз қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысатын болады.

Жас зерттеушілерге сәттілік, ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!

                                  Н.Нарбулова

Сайқын ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале