14.05.2020, 16:34
Оқылды: 8

БҚО-да оқушылар арасында қашықтан «Табиғатты аяла» форумы өтті

БҚО білім басқармасының экологиялық-биологиялық орталығының ұйымдастыруымен білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында қашықтықтан «Табиғатты аяла» облыстық форумы өтті.

B0F3A846-73A9-4FD4-87DF-CE0C4FC4C22B

    Форумға аудандық және қалалық мектептерден 83 оқушы қатысты.

3663F7EF-FFEB-4F5D-B722-BCF66BC465A6

Облыстық форумның  қорытындысы бойынша «Туған өлке тарихы» номинациясында М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы О.Гумаров (Бөкей ордасы ауданы), «Жасыл экономика» номинациясында Жайық негізгі орта білім беретін мектебінің оқушысы Д.Русланұлы (Теректі ауданы), «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясында Ульян жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы О.Чарикова (Бәйтерек ауданы), «Экоболашақ» номинациясында Жәңгірхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы О.Зайнуллин (Бөкей ордасы ауданы), «Жасыл оазистер» номинациясында № 17 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы А.Гусева (Орал қаласы) жеңімпаз болып танылып, І орын иеленді.

662AA0F9-C4A4-4C99-84B3-670E7B5AB79D

 БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале