30.07.2020, 10:37
Оқылды: 53

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Кеше бейнеконференцбайланысы режимінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормалары бұзушылықтарының профилактикасына қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

BE270418-2599-4841-99EE-17F62951DCAA

- Әдеп жөніндегі кеңесімен тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде облыстық жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен 2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыс нәтижелері сараланды.

Жұмыс қорытындысы бойынша Кеңес кейбір мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілік мәселелерін қарау барысында ағымдағы мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау жөнінде нақты ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылдады.

453EB0D9-3FC5-49E7-97E1-41301526A994

Кеңес отырысы барысында қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру мәселесіне қатысты жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен 2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған қызмет нәтижелері қаралды.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің есептерін тыңдау нәтижелері бойынша Кеңес тарапынан елдегі COVID-19 пандемиясы кезінде қалыптасқан жағымсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты әдеп жөніндегі уәкілдеріне мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беру және әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын бейнеконференцбайланысы режимінде тұрақты негізде жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар берілді, - дейді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің мемлекеттік қызмет саласының бақылау басқармасының басшысы Жақсат Мұратов.

Отырыс қорытындысында Әдеп жөніндегі кеңесімен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарының профилактикасы мәселесі бойынша атқарылған жұмыс қорытындылары қаралып, аталған мемлекеттік органдардың басшылығының есептері тындалды.

Есепті тындау нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан аталған мемлекеттік органдардары басшылары атына, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен қызметтік әдеп нормаларына қатысты бұзушылықтарды болдырмау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале