Бүгін Орал қаласында Спорт күнінің құрметіне салтанатты шара өтті.
Осы шарада кәсіби мерекесіне орай БҚО Сырым ауданында самбо, дзюдо, қазақ күресінен көп жылдар жаттықтырушы болып, бірнеше спорт шеберлерін дайындаған Санат Дәленұлы Берсебаев және Бұлан ауылының тумасы, бүгінде елордамызда допты хоккейден мемлекеттік жаттықтырушы Оралбай Ергенұлы Жақсымбетов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен марапатталды, - деп хабарлады жерлесіміз Әскербек Нұрмұханов.
Марапатты Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев табыс етіпті.
Шәкірт жеңіске жетсе - ұстаз еңбегінің жемісі. Ал Санат пен Оралбайдай спортшылардың ұстаздары марапатқа ие болып жатса, ол - елдің мерейі мен мәртебесі екені даусыз.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz